Алматыда парамен ұсталған полицей 4,7 млн теңге айыппұл төлейтін болды (видео) — новости Казахстана

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы және Алматы облысының көші-қон қызмет полицейлерін ұстады. Олар жүйелі түрде пара алып, Қазақстандағы шетелдіктер мен еңбек босқындарын заңсыз түрде тіркеп келген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: rodina.news

Фото: rodina.news

Ұлтық бюро қызметкерлері таяу шетелдіктердің, оның ішінде Өзбекстаннан келген азаматтардың тіркеуге қажетті құжаттарын жалған түрде дайындап, қабылдаған кеңсені анықтады.

Онда 800 жеке куәлік пен медициналық анықтамалар, Алматы полиция департаментінің мөрі бар фотолар, сондай-ақ, еңбек келісімшарттары табылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері пара алу фактілерін де анықтады. 16 тамыз күні У.Шамсиев 73 мың теңге көлемінде пара алып, Бостандық аудандық ІІБ көші-қон бөлімінің басшысы А.Мұсановқа берген. Ал ол бұл ақшаға екі өзбекстандық азаматқа әкімшілік жаза қолданбай, төлқұжаттарын қайтарып берген.

27 тамыз күні Бостандық аудандық ІІБ көші-қон бөлімінің басшысы тағы да осындай әрекеті үшін 108 мың теңге алады.

Өз ісі үшін Мұсанов 4,7 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызмет істеу мүмкіндігінен және майор шенінен айырылған. Бұл шешімді Әуезов соты қабылдады.

Ал Шамсиев мемлекетке 790 мың теңге айыппұл төлейді. Бұл істегі басқа тұлғаларға қатысты сот алды тергеу жұмыстары жалғасуда.