Алматыда өзін бизнесменмін деп таныстырған алаяқ ұсталды

0

Ол өз құрбандарына бірігіп істейтін өтірік бизнестің дамуына ақша салуға ұсыныс жасап отырған.

Алматыда ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті ер адам ұсталды. Полиция қызметкерлері оның бұдан да көп қылмыс жасауы мүмкін деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны жайлы болып отыр. Қазіргі таңда оның қылмыстық әрекеттері ішкі істер органдарымен ҚР ҚК 190-бабының 3-бөліміне сәйкес деп саралануда.

«Біздің құрылымның қызметкерлерінің үйлесімді жұмыстарының арқасында күдіктіні қысқа уақыт аралғында анықтап, ұстау мүмкін болды. Оның үстінен бүгінгі күнге дейін бірнеше арыз түсті. Тергеу барысында жапа шеккендердің саны артуы мүмкін екенін де жасырмаймыз. Тексеру жұмыстары кезінде Н. есімді ер адам азаматтарды алдап-арбап, біргіп жасау бизнесін тұрғызамыз деген сылтаумен олардың қаражаттарын ұрлап келген. Бірақ, белгілі болғандай, ер адамның ешқандай бизнеске қатысы болмай шықты, ол жәбірленушілердің қаражаттарын қайтармай өз қажеттіліктеріне жұмсаған», — деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.

Полиция қызметкерлері егер осы ер адамның қылмыстық әрекеттерінен жапа шеккен азаматтар болса дереу мына телефон нөмірлеріне 254-48-72 және 524-48-71 хабарласуларын сұрайды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz