Алматыда өтетін жекпе-жек кешінде Жалғас Жұмағұлов америкалық спортшымен айқасады

0

Алматы қаласында 24 ақпан күні «Алматы Арена» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен NAIZA 57 ғаламат турнирі өтеді деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Аталған турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов америкалық Кливленд Маклинмен (17-11) жекпе-жекке шығады.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC-гі жекпе-жектерінен кейін Naiza лигасында бір жекпе-жек өткізіп үлгерді. Жапон спортшысы Масато Накамураны нокаутпен жеңді.

Осы жекпе-жек кешінде тағы бір негізгі жекпе-жек қытайлық Тайлақ Нұражы (8-1) және Дуглас Де Оливейра (13-7) арасындағы тартыс болмақ.

Сонымен қатар спорт жанкүйерлері Жұман «Арлан» Жұмабековтың (13-7) жекпе-жегін де тамашалай алады. Ол атақты қырғыз жауынгері — Қанат «Тайсон» Келдібековпен (22-9) кездеседі.

ережесіз жекпе жек