Алматыда өтетін «Әлем барысына» 29 елден балуандар келеді

0

1 желтоқсан күні Алматыда қазақ күресінен «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионаты қатысушыларының ресми салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Алматы қаласында 1-2 желтоқсан күндері Тұңғыш Президент күніне орай қазақ күресінен «Әлем барысы» өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 1 желтоқсан күні Алматыда қазақ күресінен «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионаты қатысушыларының ресми салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Жарысқа 29 елден 34 балуан қатыспақ. Қазақ күресінен «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионаты 2 желтоқсан Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!