Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1%-ға өсті

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
«Біздің жұмысымыздағы аса маңызды басымдық алматылықтардың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Ағымдағы инфляцияны ескере отырып, Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1% — ға өсіп, 470 мың теңгені (9 ай) құрады. 2024 ж., номиналды мәнде 15,7%)», — деп атап өтті қала басшысы.
Ағымдағы жылдың басынан бері 68 мың жұмыс орны құрылды. Құрылған жұмыс орындарының 82% (55,7 мың) тұрақты болып табылатынын атап өту маңызды. Нәтижесінде Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,6% — ға дейін төмендеді.
Жылдық инфляцияның осы жылдың соңына дейін 8,5% — ға дейін және 2025 жылы 7,5% — ға дейін баяулауы болжануда.