Алматыда Орталық Азия халықтарының мәдени форумы өтуде

0
22 Қараша 2018, 13:09 153 0

Фото: Автор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Орталық Азия халықтарының мәдениеттер диалогы» атты бұл форум Елбасының бастамасымен осы жылдың наурыз айында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының І Саммиті асында өткізіліп отыр.

Форум аясында Орталық Азия өркениетіндегі ортақ мәдениет пен дәстүр, мәдени әртүрлілікті дамыту, түрлі мәдениеттер диалогы сынды өзекті тақырыптар талқылануда.

«Бұл форум елімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Орталық Азия өте ерекше аймақ, оның аумағында көп ғасырлық өркениетпен көптеген діндердің сенім-нанымның, көшпелі және отырықшы мәдениет түйісті. Сондай-ақ дәл осы жерден Жібек жолы өтті. Өзінің тарихи шығу тегіне қарай бұл мемлекеттердің халқы Батыс және Шығыс өркениеттерінің түйісінде маңызды рөл атқарған. Орталық Азия тарихы мен мәдениеті бірнеше жүздеген жылдар бойына шығыс өркениетімен тығыз байланыста дамыды», -деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Нұрбек Боранбаев.

Сонымен қатар, форум аясында Орталық Азия мәдениеті мен өнерінің тарихы, мәдениеттегі қазіргі заманғы үрдістер, ұлттық мәдениеттің келешегі, жас ғалымдар мен жастардың жалпы мәдениетті жақындастыру процесіндегі рөлі тақырыбында ЖОО-да, кітапханаларда, музейлерде пікірталас өтіп, дәрістер оқылады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ