Алматыда Орталық Азия деректі киноларының бірінші форумы өтеді

0
04 Желтоқсан 2018, 14:00 234 0

Алматы, BAQ.KZ. Аталған форум желтоқсанның 5-7 аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультетінде өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналып отыр.

«Кино және телевизия саласында маман даярлауда елімізде басты оқу орны саналатын Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, «Кино және ТВ» факультеті биыл өзінің ширек ғасырлық мерекесін атап өтіп жатыр! Біз кино және телевизияға мамандар даярлауда алдыңғы қатарда болғанымызды мақтан етеміз. Бүгінде біздің түлектер республиканың көптеген телеканалдары мен студияларында еңбек етіп жүр», — делінген хабарламада.

Форумының өтуіне мұрындық болған сценарист, режиссер-документалист, ҚазҰӨА доценті Әсия Байгожина. Оған орта азия аймағының белгілі документалисттері қатыспақ: КСРО Мемлекттік сыйлығының лауреаты, режиссер Шухрат Махмудов, Өзбекстандық сценарист және кинотанушы Разика Мергенбаева, кинотанушы, ХКФ арт-директоры, философия ғылымдарының докторы Садулло Рахимов, Тажікстаннан режиссер және продюсер, ХКФ лауреаты Орзумурод Шарипов сынды өнер иелері қатысады.

Форумның айтулы шарасы – режиссер Баходыр Юлдашевтың (Өзбекистан) «Улугбек. Человек, раскрывший тайны Вселенной» фильмінің орта азиялық тұсаукесері болмақ. Фильмде Венсан Кассель мен Арманд Ассанте ойнаған. Арнайы көрсетілімге Ислам Каримов атындағы қоғамдық қор мүшелері Умид Азизов пен Бекзод Саъдуллаев келеді деп күтілуде, фильм продюсерлары Лола Каримова–Тилляева мен Тимур Тилляев. Фильм тұңғыш рет үлкен экранда Алматыда форумның бірінші кешінде көрсетіледі.

Форум бағдарламасында – соңғы екі жылда түсірілген деректі фильмдердің көрсетілімі мен талқылаулар өтеді.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ