Алматыда өрт жиілеп кетті: ТЖ түсіндіріп берді – Қазақстан жаңалықтары

0
4
Advertisement

Алматы қаласында 20-мамыр мен 5-маусым аралығында бірнеше ауқымды өрт оқиғалары тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Арман Байгелов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Оның айтуынша, өрттердің бірін сөндіру барысында өртке оранған аумақтың үлкендігіне байланысты өрт сөндіру техникаларынан бөлек тікұшақ та жұмылдырылған.

«Өрттердің барлығы әртүрлі деңгейде орын алды. Өрт сөндірудегі заманауи әдіс-тәсілдердің арқасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Карантин кезеңінде арнайы жұмыс режиміне 1525 құтқарушы мен 287 арнаулы техника жұмылдырылды. Тәулік сайын 355 адам мен 118 техника, 3 авиаборт жұмыс жасады», – деді департамент басшысының орынбасары.

Арман Байгелов мемлекеттік және жеке мүлікті өрттен сақтау мен өрт қауіпсіздігі үшін жауапты адамдардың мұқият болуы керек екенін айтты.

«Сәйкесінше, егер нысанда өрт қауіпсіздік ережелерелі мен нормаларын сақтамау салдарынан өрт жағдайы орын алса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 410-бабы бойынша ескерту немесе 5-тен 50 АЕК-ке дейінгі айыппұл түрінде (13 890-дан 138 900 теңгеге дейін)  жаза қарастырылған», – деді Арман Байгелов.

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз