Алматыда өрт салдарынан 43 контейнер жанып кетті
Фото: kris_p_brothers
Астана, BAQ.KZ. Алматы облысында құрылыс базарындағы өрт сөндірілді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Ведомстваның ақпаратына қарағанда, 1400 шаршы метр алаңдағы құрылыс материалдары бар 43 контейнер өртенді.
«Өрт сағат 07:30-да оқшауланып, сағат 08:38-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 26 адам мен 7 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамынан 6 адам мен екі өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», — делінген хабарламада.
Қазір өрттің пайда болу себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ