Алматыда оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлинді ақтық сапарға шығарып салды

0

20 мамырда таңертең Алматыда орталық мешітте оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлинмен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Азаттық.

Жаназаға жиналғандар арасында саясаткердің үзеңгілес әріптестері, саясаткерлер, белсенділер бар. Билік өкілдерінен жаназаға қатысқандар байқалмады. Саясаткер Кеңсай зиратына жерленді.

Жасарал Қуанышәлин 18 мамырда 74 жасында ауруханада көз жұмған. Ол бірнеше күн бұрын ауыр науқастанып, ауруханаға түскен еді.

фото: azattyq.org