Алматыда ондаған наразы ипотекасын кешіруді талап етті
21 мамырда Алматыда 60-тан аса адам ипотекалық кредиттерін кешіруді талап етіп, «Нұр Отан» партиясы ғимаратының алдына жиналды. Жиналғандар арасында басқа қаладан келгендер де бар.
Наразылар 2005-2009 жылдары ипотекалық кредит алып, түрлі жағдайға тап болған соң қарызын төлей алмай отырған азаматтардың қарызын кешіруді талап етті. Олар қарызды кешіруді «банктер емес, үкімет арнаулы заңмен бекітуі керек» деді. Наразылар «Банктер азаматтарға тартып алған үйді қайтаруы керек» деп те талап қойды.
Тікелей эфир: «Нұр Отанға» келген наразылар
Наразыларды «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы филиалының өкілі Борис Жапаров қабылдады. Ол «жиналғандардың талабы орынды» деді.
— Айтқандарыңыз — Үкімет пен Ұлттық банк жұмыс істеуі тұрарлық мәселелер. Талаптарыңыз — тұрмыстық жағдайын көтеруі үшін ипотека алып, күтпеген қиындыққа тап болған адамдардың үні. Сіздер сияқты [Қазақстанда] жүздеген мың адам бар, — деді ол.
Жапаров «мәселені қарастырамыз» деді.
Жаңалық толықтырылады.