Алматыда ондаған адам қатысқан митинг өтіп жатыр

0
54

Маусымның 30-ы күні таңертеңгі сағат 10-да Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының артында жергілікті белсенділер мен тұрғындардың митингісі басталды. Оған ондаған адам қатысып жатыр. Бұл соңғы бірнеше жылда алғаш рет биліктің рұқсатымен өтіп жатқан митинг.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігі «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының жетекшісі Азаматхан Әміртайға, Алматы әкімдігі белсенді Әлнұр Ильяшевке 30 маусым күні бейбіт митинг өткізуге рұқсат берген. Алматыдағы митинг 10.00-12.00 арасында «Сарыарқа» кинотеатрының артында өтеді деп айтылған еді. Ал Нұр-Сұлтандағы митинг 11.00-13.00 арасында «Жерұйық» паркінде болады.

(Жаңалық толықтырылады)

Azattyq