Алматыда он жеті жастағы қызды жеңіл көлік қағып өлтірді   

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Сүйінбай даңғылында келе жатқан көлік жүргізушісі көшеден жүгіріп өтпек болған қызды байқамай қалған

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Алматы қаласындағы Сүйінбай даңғылының бойында Баянауыл көшесі мен Райымбек даңғылы арасында қайғылы оқиға болды. 

Куәгерлер Toyota Camri Сүйінбай даңғылымен келе жатқанын айтты. Жүргізуші Райымбек даңғылымен қиылысқа жақын маңда жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған қызды байқамай, оны бар жылдамдықпен қағып кеткен.

2002 жылы туған қыз жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Полиция қайғылы жағдайдың мән-жайын тексеруде.

Бұған дейін Алматы көшесін рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні автобус қағып өлтіргені хабарланған болатын.  



sputniknews.kz