Алматыда Олимпиада чемпионын тонап кетті

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Дмитрий Баландин көлігінің айнасы ұрланғанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір — Sputnik. Алматыда Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің аумағында жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігі тоналды. Бұл туралы inAlmaty.kz хабарлады.

Спортшы көлігінің бүйір айнасы қолды болғанын дәмханада достарымен бірге түстеніп шыққаннан кейін байқаған. Ұрлық бір жыл бұрын көлік ұрылары әлемге әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіріп кеткен ауданда болған.

«Toyota Land Cruiser» көлігін Олимпиададан кейін сыйға тартып еді. Бір айнасы 400 мың теңге көлемінде тұрады. Біз Денис Денді өлтіріп кеткен жерге жақын маңда отырдық. Адамдар айна ұрлығын қоймапты, осыдан наразылық туындайды. Біздің халық өзгермейді», — деп мәлімдеді Дмитрий Баландин.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын. Осы жылы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерлерге үкім шығарды. Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов 18 жылға, ал Жанар Толыбаева 4 жылға сотталды.   



sputniknews.kz