Алматыда «Музей түні» өтеді
Мамырдың 17-сі күні Қазақстанның орталық мемлекеттік музейі және «Алматы қалалық музейлер бірлестігіне» қарайтын жалпы саны сегіз музейде «Музей түні» өтті. Кешкі сағат жеті мен түнгі сағат бірге дейін барлық музейлер осы акция аясында тегін жұмыс істеді.
Келушілер түрлі бағдарламаға қатысып, сан алуан тақырыпқа арналған музей залдарын аралады. Шеберлік сыныптар, квест және жәрмеңкелерге қатысты.
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында бұл акция аясында 18 мамырда «Музей күні» және «Музей түні» өтеді.
18 мамыр күні Нұр-Сұлтан уақытымен күндізгі сағат 12:00 мен 17:00 аралығында болатын «Музей күнінде» қала тұрғындарына арналған шағын экскурсия, интерактивті шығармашылық шеберлік сыныптар қарастырылған. Бұл күні сонымен бірге «Акварель: кеше және бүгін» жинағының таныстырылымы да өтеді деп жоспарланған. Кешкі сағат 17:00-ден түнгі 24:00-ге дейін жалғасатын «Музей түнінде» де осыған ұқсас шаралар өтпек. Екі акция да тегін.
22 жыл бұрын халықаралық музейлер кеңесі (International
Council of Museums) 18 мамырды халықаралық музей күні ретінде бекіткен. Содан бері жыл сайын әлемнің 150-ден астам елінде бұл шара өтіп келеді. Биылғы «Музей түнінің» тақырыбы — «Музейлер мәдени орталығы ретінде: дәстүрлер болашағы».
«Музей түні» (немесе «Музейлер түні») ең алғаш рет 1997 жылы Берлинде өтті. 2006 жылы акцияға Алматыда да қосылды. Содан бері бұл акция Қазақстанның өзге қалаларында да жыл сайын өтеді.