Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

0

«Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің рөліне» қатысты замануи талаптарға тоқталған Раиса    Аждарқызы ұстаздардың біліктілігін көтерудегі «Өрлеудің» Алматы қаласы бойынша жасалып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға, пәндер бойынша функционалдық сауаттылығы мен жоба жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған білім берудің инновациялық технологияларын мұғалімдерге оқытуда еліміздің әр облысында орналасқан «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалдары Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының профессорлық-оқытушылық құрамы аянбай еңбек етуде.

Солардың қатарында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты отандық және шетелдік озық әдістермен бірге өзіміздің қала мұғалімдерінің үздік кәсіби идеяларын іске асыруда тиімді, сәтті білім беру аясын қалыптастыру бағытында қызмет жасайды.

Білім беру жүйесінің барлық деңгейіндегі мұғалімдер үшін білімдік қызмет көрсетеді. қысқамерзімді курстар, сонымен қатар мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасы шеңберінде: жаңғыртылған деңгейлік курстар; ағылшын тілін оқыту бойынша пәндік-тілдік курстар; робототехника бойынша курстар;  күндізгі-қашықтықтан оқыту режиміндегі курстар;  инклюзивті білім беруге мұғлімдерді даярлау. Барлық курстар мемлекеттік тапсырыс негізінде жүргізіледі.

2017 жылдың жоспары бойынша, Институтта өткен 120 Біліктілікті арттыру курстарында 3642 педагог кәсіби біліктілігін шыңдады. 2018 жылдың бірінші жартысында Алматы қаласының  2475 мұғалімі курста оқыды.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша үшінші жыл қатарынан мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстары өткізілуде. Мәселен, 2017 жылы өткізілген   80 курста 2652 мұғалім біліктілігін арттырды. Сонымен қатар қосымша контингент үшін 7 курста  210 мұғалім оқытылды.  2018 жылы мазмұны жаңартылған орта білім беру шеңберінде ұйымдастырылған 81 курстан 2241 мұғалім өткен. Алайда олардың 23-і сертификат алмаған. 2016-2018 жылдар аралығында жалпы саны  41 тыңдаушы сертификатталмаған.  

Инклюзивті білім беру бойынша мұғалімдерді даярлау ісі қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады. Ерекше жағдайда оқытуды қажет ететін балаларды жалпы білім беретін мектеп жағдайына бейімдеу, әлеуметтендіру педагогтердің айрықша дайындығы мен арнайыбіліктілігін талап етеді. Осы мәселелерді шешу мақсатында 2017 жылы институт жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін курстар өткізді. Институтта бірінші  рет инклюзивті білім беру бойынша кеңейтілген форматта – 160 сағат көлемінде курс өтті. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бұл курста жалпы білім беретін мектептердің 57 мұғалімі оқыды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ бағдарламасының басқа курстардан артықшылығы тіл мен пәнді ықпалдастыру әдісімен (CLIL) оқытып,  ТКТ CLIL сертификаттарының берілуі. Осы бағытта біліктілікті арттыру институты 2010 жылдан бері жұмыс жасайды,  және нақты жетістіктері бар екендігін айтқанымыз орынды. Біздегі қысқа мерзімді курста ағылшын тілін оқыған мұғалімдер бойынша CLIL әдістемесі бойынша сабақтарын ағылшын тілінде өткізуде. Курстан өткен мұғалімдерге жүйелі түрде курсаралық қолдау көрсетіліп, кеңестер беріледі. Әдістемелік нұсқаулықтар, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша глоссарий (сөздік), сабақтың құрылымы туралы фрагменттер, видео-сабақтар www.almaty-pkso.kz сайтына қойылды. Филиалдың фэйсбуктегі «Өрлеу Алматы» парақшасы да белсенді.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ