Алматыда «мұғалім мәртебесі» жөніндегі заң жобасы талқыланды

0

Фото: Автор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Мұғалім мәртебесі» жөніндегі заңның жобасы талқыланды.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның басшылығымен өткен алқалы жиынға мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, әдіскерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ректорлар мен проректорлар қатысты.

«Қазір Білім және ғылым министрлігінің сайтында «Мұғалім мәртебесі» жөніндегі заңның жобасын талқылау жүріп жатыр. Заң 2019 жылдың жазында қабылданады, оған дейін оны әбден талқылап, толықтыру қажет. Сол үшін бүгін сіздердің алдарыңызға келіп отырмыз, сіздердің ұсыныстарыңыз бен барлық пікірлеріңіз ескерілетін болады», -деді вице-министр.

Жиын барысында мұғалімдер тарапынан педагогтарды түрлі жүктемелерден босату, ұстаздардың еңбекақасын көтеру, неше буыннан жалғасып келе жатқан мұғалімдер әулетіне де қандайда бір жеңілдіктер жасау, бұл салаға ер адамдарды көптеп тарту үшін оларды әскери міндеттен босату сияқты ұсыныс-пікірлер айтылды. Сондай-ақ осы заңмен барлық педагогтар қамтылса деген де пікірлер айтылды. Әсіресе еш жерде заңды жұмыс істемейтін репетиторлар да осы заң аясында қорғалса деген ұсыныстар да айтылды.

«Бұл Заңнан үлкен үміт күтеміз. Батыстың білімдерін жартылай алмай неге толығымен алмасқа. Яғни, біріншіден мұғалімді жоғары жалақымен қамтамасыз ету, екіншіден оқу жүктемесін шешу, үшіншіден, жүктемеге сай сабаққа дайындалатын уақытты да ескеру. Төртіншіден, зейнетақы жасы оқытушылық қызметте үздіксіз 30 жыл емес, 25 жыл етіп жасау, бесінші, мұғалімді лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету. Осы ұсыныстар ескерілсе мұғалім мәртебесі көтерілер еді деп ойлаймын», -дейді Алматы қаласының №175 гимназияның мұғалімі Сәуле Самсалиева.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ