Алматыда миссионерлер тайраңдап жүр: Белгілі жазушы қала ортасындағы масқара жағдайды айтып дабыл қақты

0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің назарына!

АЛМАТЫДА МИССИОНЕРЛЕР ТАЙРАҢДАП ЖҮР!

Бүгін өзі біртүрлі күн болды. Негізі жазушыға жаяу жүру керек екен деп ойлап қалдым. Қаланы аралап, жастық шақты еске түсіріп біраз жүрдім. Бұрынғы Жоғарғы Кеңес ғимаратының алдындағы саябақта ойланып отыр едім. Қасыма бір қараторы жігіт (суреттегі) жетіп келді.

— Сіз қазақсыз ба? — деді қазақшалап. Акценті бар.
— Иә, — дедім ойымда ештеңе жоқ.
— Мына сөзді түсіне алмай тұрғаным, — деді «Ертең сірә жаңбыр жауатын шығар» деген сөйлемді телефонан көрсетіп, — Осындағы «сірә» деген сөздің мағынасы қалай? — деді түк білмегенсіп. Мен өзімше түсіндіріп бердім.
— Менің атым Құрбан, — деді сөзге тартып, — Кореядан, Сеулден келдім!
Мен көрген тарихи сериалдар бойынша корейлердің тарихы туралы біраз айттым. Ол таң қалды.
— Неге келдің? — дедім сыр суыртпақтап.
— Жай, тұруға, Қазақстан маған ұнайды! — дей салды.
— Сіз мұсылмансыз ба?
— Иә!
— Қазақтардың барлығы ислам дінін ұстана ма? — деп сұрады.
— Әрине!
— Сіз Інжілді оқыдыңыз ба?
— Әлбетте!

Таңданған кейіп танытып:
— Сіз мұсылман емессіз бе? Інжілді неге оқыдыңыз? — деді.
— Білу керек қой!
Оның көзі жайнап кетті.
— Иса пайғамбарды да білесіз бе?
— Әрине, білемін!
Ол маған Исаның ұлылығын айта бастады да, бір кезде:
— Сіз Құдайға Иса пайғамбар арқылы баратыныңызды білесіз бе? — деді.
— Мен Құдайға Иса пайғамбар арқылы бармаймын!
— Неге?
— Құдайға барғым келсе, өз пайғамбарларымыз арқылы барамын!
— Құдайға тек Иса пайғамбар арқылы ғана бара аласыз?

Мен оның өзге дінді насихаттап жүрген миссионер екенін бірден білдім. Сондықтан түк білмегенсіп оның бүкіл кардинатын біліп алғым келді.

— Сенімен суретке түсуге бола ма? — дедім.
Ол менің не ойлап тұрғанымды қайдан білсін:
— Болады! — деді ойланып жатпастан.
— Кәне, суретке түсір! — дедім жанына жақындап.
Ол телефонымен суретке түсірді.
— Ал енді маған жібере сал! — деп нөмірімді айттым.

Ол нөмірімді жазып алды да, вацабыма мына суретті жіберді. Сөйтіп біріншіден, оның бейнесін түсіріп алдым, екіншіден, телефон нөмірін біліп алдым. Телефон нөмірі мынау: 87089250441.
Ертең полицияға барып арыз жазайын деп отырмын. Кім екенін анықтап, шара қолдансын!

Қоштасарда:

— Қайда тұрасың? — дедім мекен-жайын да біліп алғым келіп. Ол:
— Тастақ жақта тұрамын! ‘ дегеннен басқа ештеңе айтпай қойды.
Кетерде қолыма «Құрбандық» деген кітапша ұстатып: «Егер кітапша ұнаса хабарласыңыз!» деді. Алып алдым.

Үйге алып келіп оқысам, кәдімгі исламдағы құрбандықты айта отырып, таза христиандықты, Иса Мәсіхты дәріптейтін, насихаттайтын, жас ұрпақтың басын айналдырып, санасын улайтын кітапша екен!

Қазақша сауатты һәм түсінікті жазылыпты.

Ең аяғында «Егер осы мәліметті оқығаннан кейін сұрақтар туындаса, мына мекен-жайға хабарласуыңызға болады: 050031. Алматы қаласы, п/ж 68. » Шығыс сәулесі» www.tabisu.kz; www.shsaulesi.at.ua» деп баттитып жазып қойыпты.

Қысқасы, қоян терісін жамылған ши бөрінің нақ өзі!..

Міне, Алматыда айдың-күннің аманында шетелдік миссионерлер қазақтарға христиандықты, Иисус Христосты насихаттап, теріс жолға үгіттеп, тайраңдап жүр. Ал біздің құқық қорғау органдарының қызметкерлері не қарап жүр? Ай қарап жүр ме, жоқ әлде, шошқа тағалап жүр ме?

Масқара!

Думан Рамазан, Facebook парақшасынан