Алматыда метроны күту уақыты 5 минутқа дейін қылсқармақ

0
114

Былтырғы жылы үкіметтің демеушілігімен 27 млрд-қа метроға қажетті әрқайсысы 4 вагоннан тұратын 8 жылжымалы құрам сатып алынды.

Метро вагондарын күту уақытын 5 минутқа қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматының Қоғамдық кеңесінің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

— Қазір 9 метро бекеті бар, тағы екеуі салынып жатыр. Бізде метро құрылысы әлем бойынша ең аразан болып саналады. Мәскеуде екі есе қымбат, — деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов.

Былтырғы жылы үкіметтің демеушілігімен 27 млрд-қа метроға қажетті әрқайсысы 4 вагоннан тұратын 8 жылжымалы құрам сатып алынды.

— Қазіргі таңда 7 жылжымалы құрам бар, енді ол 15-ке жетеді. Бұл күту уақытын 13-тен 5 минутқа дейін қысқартады деген сөз. Сонымен қатар қазіргі таңда вай-фай жүйесі тартылып жатыр, — деді ол.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz