Алматыда мейрамхана, қонақ үй мен мешіттердің қашан ашылатыны белгілі болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қазіргі кезде қалада инфекция жұқтыруы мүмкін тұрғындарды жаппай тестілеу мен инфекцияның жасырын ошақтарын анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Алматыда қоғамдық тамақтану орындары және діни нысандар 25 мамырдан бастап кезең-кезеңмен іске қосылады. Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қоғамдық тамақтану, ғибадат ету және қонақ үй кешендерінің нысандарына қойылған шектеулер қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезең-кезеңмен алынатын болады.

«Қоғамдық тамақтану мен қонақ үй кешендерін іске қосуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазір бизнес-қоғамдастықпен бірлесе отырып, оларды 25 мамырдан бастап кезең-кезеңмен іске қосу мәселесі талқыланып жатыр. Аталған секторларда санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы қажет», – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, қала әкімдігі инфекция жұқтыруы мүмкін деген тұрғындарды жаппай тестілеу және инфекцияның жасырын ошақтарын анықтау бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын айтты. Әлі де қауіптің барын назарға ала отырып, қаланың діни ғимараттарына (мешіттер, шіркеулер, ғибадатханалар, синагогалар) 18 мамырдан бастап баруға ерте екенін ескертеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда төтенше жағдай аяқталды — мешіттер қашан ашылады

«Алматы қаласындағы ғибадат ету орындарына енгізілген шектеуді санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған жағдайда, 2020 жылдың 25 мамырынан бастап кезең-кезеңмен алып тастау жоспарланып отыр», – делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, іске қосылатын барлық нысандар әлеуметтік қашықтық пен жұмыс орындарындағы санитариялық режимді қатаң сақтауға міндетті.



sputniknews.kz