Алматыда «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы есігін ашты

0

Бірегей орталық 3-15 жас аралығындағы церебралды па­ра­­лич, яғни түйсіну қабілеті мен сезімталдығы, сондай-ақ қи­мылдау жүйесі бұзылған, интел­лектуалды дамуында ақа­уы бар, Даун синдромына шал­­дыққан балаларды оңалтуға ар­налған. Айрықша көңіл бөлуді қа­жет ететін жеткіншектер мұн­да невропотолог, психолог, ло­­­гопед, педиатр, дефектолог ма­­­мандардың жіті бақылауында болады. Бір ерекшелігі, әр баланы оңалту мен дамытуға арналған жеке даму жоспары әзірленіп, оларға сол бағдарлама бойынша көмек көрсетіледі. Оған қоса психологиялық-педа­гогикалық көмек, массаж бен физиотерапия кабинеті, музыка, өнер және ойын-сауықтыру қызметтері де қамтылған.

– Қазақстандағы жалғыз сен­­­сорлық кешен осында орна­ласқан. Балалардың көру, есту қабілетін дамытатын монтессори әдістемелік кабинеті мен сен­сорлық бөлме заман талабына сай соңғы үлгідегі құралдармен жаб­дықталған. Мамандар де­не қимылдауында ақауы бар ба­­­ла­лардың айығып кетуіне қолдан келгенше көмек жасайды. Тә­жірибе көрсеткендей, уақ­тылы әрі жоспарлы түрде ем қа­был­­­данса, педагогтар сапалы жұ­мыс істесе балалар жақсы нәти­желерге жетеді, – дейді «Ме­йі­рім» мүмкіндігі шектеулі ба­­ла­ларды оңалту орталығының бас­шысы Людмила Дроздова.

Жалпы ауданы 9 мың шар­шы­ метрді құрайтын кешен 60 балаға шақталған. Ор­та­лық аумағынан те­пе-теңдік ұс­­­­тауды дамытатын, жалпы және ұсақ мотори­каны, ви­зуал­ды бейнелерді, әлеу­мет­тік және топтық ойын дағ­ды­­ларын дамытуға арнал­ған ел аумағындағы жалғыз инк­люзивті ойын алаңын да таба аласыз. Нысан жеке инвес­тордың қаржысына са­лынған.

 Кешеннің ашылу салтанатына келген қала әкімі Бауыр­жан Бай­бек Алматыда ерекше қа­жеттіліктері бар адам­дар үшін барлық жағдай жа­салатынын айт­ты. Оның сө­зінше, соңғы үш жылда мү­ге­дек жандарды қолдау ісін қар­жыландыру көлемі 2,5 есеге ұлғайған. Қа­ладағы нысан­дар толықтай пас­­портталып, оның 67%-ы мү­гед­ек жандарға ар­налып бейім­делген.

Бүгінгі таңда Даун синдро­мы­на, аутизмге шалдыққан сәби­лер саны азаймай тұр. Ше­тел­дік ға­лымдар кез келген син­дроммен туылған баланы қа­лыпты өмір­­ге бейімдеуге болатынын ай­та­ды. Туа сала тағдыр тауқы­метін тартқан мұндай жет­кін­шек­тер ата-ана мен арнайы ма­­ман­дар­дың көмегіне мұқтаж. Олар­ды оңалтуға ар­нал­ған осын­дай орта­лықтар көп­теп ашыл­са деген ті­ле­гіміз бар.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ