Алматыда «Медеудің» әжетханасында зорланған қызға қатысты тың дерек шықты
Әжетханада қыз зорлады деген күдікпен ұсталған жігіт кепілмен босатылды
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Алматыда жас қызды «Медеу» мұз айдынының әжетханасында зорлап кетті. Күдікті ұсталып, іс прокуратураға берілді. Ер адам кепілмен жіберілді, ол сотқа дейінгі тергеу кезеңінде бостандықта болады.
Оқиға осы жылдың наурыз айында болған, деп хабарлады inAlmaty.kz.
Әжетханада арам ойын іске асырған
Құқық қорғаушы Дина Смайылованың айтуынша, қыз құрбыларымен ұрсысып қалып, таңға жақын олардан кетіп қалған, қолында ақша да,телефон да болмаған. Күдікті оны үйіне дейін жеткізіп салады. Жастар танысып, келесі күні жігіт оны «Медеуге» шақырады.
Алматылық жігіт қызды кездесуге шақырып, әжетханада зорлап тастады
«Қыз әжетханаға кіргенде, жігіт соңынан ілесіпті. Бәрі көзді ашып-жұмғанға болған. Кабинкадан шығып келе жатқан қызды жігіт күшпен итеріп кіргізіп, тұншықтырады. Тынысы тарыла бастағанда, босатып, біраз демалдырады да, қайта қылқындыра түседі. Сонымен бірге қыздың джинсысын шеше бастайды. Осылайша, романтикалық кездесу соңында жігіт қызды әжетханада зорлап тастады. Жақын жерде поста тұрған кезекшілер мен әжетхананың қызметшісі де ештеңе естімепті, өйткені зорлықшы күш қолданып, қызды тырп еткізбеген», — деп жазды құқық қорғаушы Facebook-тегі парақшасында.
Полицейлер күдіктіні ұстап, уақытша ұстау абақтысына қамады. 1988 жылы туған ер адам жасаған қылмысын мойындады. Бұрын ол екі рет қыз зорлағаны үшін, бір рет алаяқтық жасағаны үшін сотталған.
Тағы оқыңыз: Танымал халық әртісі өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты
«Сараптамалар мен тергеу шаралары азамат К.-нің кінәсін толық дәлелдеді. Тергеу күдіктіні сотқа дейінгі тергеу кезеңінде қамауда ұстау туралы қолдаухат енгізді, аудан прокуратурасы тергеушілердің тұжырымын қолдады, дегенмен сот шешімімен азамат К.-ге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде «кепіл» таңдалды», — деп хабарлады полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Медеу ауданының полиция басқармасында тергеу аяқталды, күдіктінің кінәсі анық. Қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру үшін қылмыстық іс материалдары Медеу ауданының прокуратурасына берілді, онда сотқа жолдау туралы мәселе шешіледі.
sputniknews.kz