Алматыда мас адам студент қызды пышақтап кетті

Сурет: youtube.com/watch?v=dBJ2LeLSlQg
Алматы қаласында 58 жастағы азамат 24 жастағы бейтаныс бойжеткенге пышақ ала жүгірді.
Оқиға 24 наурыз күні Әл-Фараби көшесінің бойында болды.
Бойжеткен ауруханаға жеткізілді. Оның өкпесі мен арқа тұсына зақым келген.
«Маған ота жасалды. Мен қазір өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін. Дәрігерлерге алғысым шексіз», – деді бойжеткен.

Жәбірленуші шегуші шабуылдаушыны білмейді. Полиция өз кезегінде күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
«Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», — деді полиция департаменті.