Алматыда мәдени саясат және орталық азиядағы басқару жөнінде Халықаралық форум өтті

0
Алматыда мәдени саясат және орталық азиядағы басқару жөнінде Халықаралық форум өтті


Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, «Cultural Dialogue» қоғамдық қоры, ЮНЕСКО бюросымен әріптестігімен Мәдени саясат және Орталық Азиядағы басқару жөнінде Халықаралық Форум өткізді.

Бұл Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мәдени практиктерінің екінші кәсіби іс-шарасы болып табылды. Орталық Азия арт-менеджерлерінің бірлестігі бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді. Бүгін өңірдегі мәдениет және өнер саласының қызметкерлері мобильдікті шектейтін белгілі проблемалармен кездесуде және тауармен және мәдени бағыттағы қызметтермен алмасу ісін қамтамасыз етпеуде.

Форумның негізгі міндеті өңірлік деңгейдегі үйлестіру механизмін құру, сондай-ақ Орталық Азия өңіріндегі арт-менеджерлері арасында біліммен және ақпаратпен бөлісу. Форум ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен өткізілді. Қордың жанындағы Мәдениет жөніндегі кеңес жобаның авторының шығармашылық жобаларға гранттар тағайындау жөніндегі конкурсы аясындағы бастамасын қолдады.

Сессиялар мен дискуссиялар шығармашылықты қолдау және дамыту мәселелеріне, мәдени бағыттағы тауарлар мен қызметтердің үйлесімді ағымын қамтамасыз етуге, шығармашылық қызметкерлерінің жол жүруін арттыру, Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты жандандыру, сектораралық және еларалық мәдени жобаларды әзірлеуге арналды.

Форумның жұмысына Мәдениет министрлігінің, Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның және Өзбекстанның үкіметтік емес ұйымдары және арт-менеджерлері, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның, Гете Институтының (Германия), Азия-Еуропа Қорының (Сингапур) және Моңғолияның сарапшылары қатысады. Форумға әріптестік орнату үшін барлық өңірлердің театрлары, музейлері, галереялары, фестивальдерінің 80 мәдени жобасының көшбасшылары жиналады.