Алматыда күйеуіне ренжіген келіншек бесінші қабаттан секіріп кетті
Алматыдағы Жетісу ықшам ауданындағы тұрғын үйдің бесінші қабатынан 26 жастағы әйел секіріп кетті. Құдай сақтап, ол аман қалған. Келіншек бірден ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz сайиы Экспресс К порталына сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1995 жылғы Т. есімді келіншек өз-өзіне қол салмақ болған.
«Суицидке бару себебі ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу процесі болуы мүмкін. Абырой болғанда, ол аман қалды. Ауруханаға жеткізілді», — деді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Тергеу барысында, сондай-ақ келіншектің шектен тыс дәрі ішіп, уланып өлмекке әрекет жасағаны да белгілі болды.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасында келіншектің жағдайы тұрақты, ауыр екенін айтты. Ол №7 ауруханаға жатқызылған.
«Есін біледі. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Қарқынды терапия жалғасуда», — деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.