Алматыда коронавирустың 36 ошағы анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қалада қазір 36 коронавирус ошағы бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карантин

Алмалы ауданында Байзақов көшесі, 190; Панфилов көшесі, 85; Байзақов көшесі 232; Досмұхамедов, 8 мекен-жайлары бойынша 4 ошақ бар.

Әуезов ауданында 8 ошақ тіркелген. Олар — Жетісу-2 ықшамауданы, 70а; Мамыр-4 ықшамауданы, 313; 6 ықшамаудан, 35; 1-ықшамауданы, 28; Мамыр-4 ықшамауданы, 54; Ақсай-1 ықшамауданы, 24; Мамыр-4 ықшамауданы, 296; Афцинао, 4.

Алатау ауданында Ақкент ықшамауданы, 7; Ақбұлақ ықшамауданы, 9; Жасыл желек көшесі, 13; Тойшыбек Батыр, 121; Рахымов көшесі, 123; Жанқожа батыр, 190 мекен-жайлары бойынша 6 ошақ тіркелген.

Бостандық ауданындағы инфекцияның 7 ошағы – Науаи көшесі, 328; Клочкова көшесі, 117; Науаи көшесі, 310; Орбита-1 ықшамауданы, 27; Орбита-4 ықшамауданы, 33; Байзақов көшесі, 299а; Тимирязев, 42 мекен-жайларында орналасқан.

Медеу ауданында инфекцияның 4 ошағы — Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы, 25; Достық даңғылы, 116; Достық даңғылы, 493 мекен-жайларында тіркелген.

Жетісу ауданында Волочаевская көшесі, 51; Помяловского, 25; Құлагер ықшамауданы, 45; Борзов көшесі, 85 мекен-жайлары бойынша 4 ошақ бар.

Түрксіб ауданында 2 инфекция ошағы тіркелген. Олар — Жұлдыз ықшам ауданы, 45; Жұлдыз-1 ықшам ауданы, 13.

Ал Наурызбай ауданында Береке көшесі 1/97 мекен-жайы бойынша 1 ошақ бар.

Бұған дейін, ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалардан коронавирус инфекциясына тән клиникалық симптомдардың белгісі болуы мүмкін деген мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты төмендегі мекен жайлардағы 14 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды:

Алатау ауданы — Заря Востока ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234;

Алмалы ауданы — Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7;

Бостандық ауданы — Тұргыт Озал көшесі, 242;

Медеу ауданы – Зенков көшесі, 59; Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Достық көшесі, 111;

Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі, 34а;

Түрксіб ауданы – Алтай-1 ықшам ауданы, 8; Жас қанат, 86; Майлин к., 77; Спасск көшесі, 63а.

 

stan.kz