Алматыда коронавирустың 30 ошағынан шектеулер алынды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда коронавирустың 30 ошағынан шектеулер алынды, қазіргі таңда қалада 38 мекен-жай әлі індетке қолайсыз аумақ ретінде тіркеуде тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Бұл туралы Алматы қаласының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы қаласының аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған тұлғалармен байланыста болған адамдардың арасында инфекцияға тән клиникалық симптомдардың пайда болуы мүмкін мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты төмендегі мекен-жайлардағы 30 індет ошағынан шектеу шаралары алынып тасталды:

Алатау ауданы – «Заря-Восток» ықшамауданы, Сарыой көшесі 234-үй; «Ақкент 7» ықшамауданы; «Ақбұлақ 9» ықшамауданы; Жасыл Желек көшесі 13-үй; Тойшыбек батыр көшесі 121-үй. Алмалы ауданы – Желтоқсан көшесі 125-үй; Жароков көшесі 16-үй; Жароков көшесі 7-үй.

Әуезов ауданы – «Жетісу-2» ықшамауданы 70а-үй; «Мамыр-4» ықшамауданы 313-үй.

Бостандық ауданы – Тұрғыт Озал көшесі 242-үй. Медеу ауданы – Зенков көшесі 59-үй; Достық даңғылы 162-үй; Гоголь көшесі 75; Достық даңғылы 111-үй; Қонаев көшесі 62-үй; «Самал-3» ықшамауданы 25-үй; Достық даңғылы 116-үй; Достық даңғылы 493-үй.

Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі 34а-үй; Помяловский көшесі 25-үй; «Құлагер» ықшамауданы, 45-үй.

Түрксіб ауданы – «Алтай-1» ықшамауданы 8-үй; «Жас қанат» ықшамауданы 86-үй; Майлин көшесі 77-үй; Спасский көшесі 63а-үй; Ғанибет көшесі 276-үй; «Жас қанат» ықшамауданы, 1/53-үй; «Жұлдыз-1» ықшамауданы, 13-үй.

Наурызбай ауданы – Береке-1 көшесі 97-үй.

11 сәуір күнгі жағдайға сәйкес, Алматы қаласы аумағында коронавирус инфекциясының 38 ошағы тіркелген: 

Әуезов ауданында – 10 ошақ аймағы тіркелген: №6 ықшамауданы 35-үй; «1» ықшамауданы 28-үй; «Мамыр-4» ықшамауданы 54-үй; Афцинао, 4-үй; «Ақсай-1» ықшамауданы, 24-үй; «Мамыр-4» ықшамауданы, 296-үй; Ақсай-1а, 30-үй; «12» ықшамауданы, Янтарный көшесі 15а; «1» ықшамауданы, №1, 10 ықшамаудандары, Мамыр-4» ықшамауданы, 121-үй.

Алатау ауданы бойынша 2 ошақ аймағы бар: Жанғожа батыр көшесі 190-үй; С.Рақымов көшесі 123-үй. Алмалы ауданында – 7 ошақ аймағы: Байзақов көшесі 190-үй; Панфилов көшесі 85-үй; Байзақов көшесі 232; Досмұхамедов көшесі 13; Досмұхамедов көшесі 8; Байзақов көшесі 263-үй; Қазыбек би көшесі 134-үй.

Медеу ауданы бойынша 3 ошақ: Сазановский көшесі 74/2-үй; Сәрсенбаев көшесі 210/27-үй; Есенов көшесі 9-үй.

Жетісу ауданында – 2 ошақ аймағы: Волочаевский көшесі 51-үй; Борзов көшесі 85-үй.

Түрксіб ауданында – 3 ошақ аймағы: «Жұлдыз-2» ықшамауданы, 45-үй; Тоқай көшесі 25-үй; «Жас Қанат» ықшамауданы, 1/57-үй.

Бостандық ауданында – 10 ошақ аймағы тіркелген: Науои көшесі 328-үй; Клочков көшесі 117-үй; Науои көшесі 310-үй; «Орбита-1» ықшамауданы, 27-үй; Байзақов көшесі 299а-үй; Тимирязев көшесі 42-үй; «Орбита-4» ықшамауданы, 33-үй; Родостовец көшесі 171-үй; 24 маусым көшесі 30-үй; Абай даңғылы, 50/1-үй. Наурызбай ауданы бойынша 1 ошақ бар: «Қалқаман» ықшамауданы, Сағатов көшесі 33/а-үй.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 880 болып отыр. 

 

stan.kz