Алматыда коронавирусты жұқтырғандар саны 50-ге жуықтады — Қазақстан жаңалықтары

0
26

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Алматы қаласында тiркелді, деп Stan.kz ақпарат агенттігі Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыздағы сағат 07:50-дегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында — 60 адам, Алматы қаласында – 47 адам, Қарағанды қаласында — 4, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Ақмола облысында — 1 адам жалпы 120 науқас тіркелді.

Бұған дейін Жамбыл облысында тағы бір адамнан коронавирус анықталғаны хабарланды.

stan.kz