«Алматыда коронавирусты жастар көп жұқтырып жатыр» — Жандарбек Бекшин — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада жастардың басым бөлігі коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның бас санитар дәрігері: Жалған ақпаратты тоқтатуларыңызды сұраймын

Дәрігердің хабарлауынша, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 693-ке жеткен. 5 адам вирустан көз жұмған.

«Ауру ересектердің арасында басым. Оның ішінде 15-19 жас — 43 жағдай (6,3 пайыз), 20-29 жас — 212 жағдай (31,3 пайыз), 30-39 жас — 129 жағдай (19 пайыз), 40-49 жас — 116 жағдай (17 пайыз), 50-59 жас — 115 жағдай, 60 жас және одан жоғары — 42 жағдай (6,1 пайыз)», — деді ол Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар індетті студенттер мен оқушылар да жұқтырғанын басып айтты.

«Студенттер бойынша 40 жағдай, мектеп оқушылары — 15 жағдай, басқа елдерден келгендер — 38 жағдай және шекара қызметі академиясының курсанттары — 67 жағдай, авиация қызметкерлері — 2 жағдай, зейнеткерлер — 40 жағдай, жұмыс істемейтіндер 55 жағдай тіркелді», — деді Жандарбек Бекшин.

Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері 383 медицина қызметкері коронавирус жұқтырғанын айтып кетті.

 

 

stan.kz