Алматыда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

0

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 35 адамға жетті – Алматыда тағы бір науқас көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас қайтыс болды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

Оқи отырыңыз: Блок бекеттер әзірге алынбайды – денсаулық сақтау министрлігі

«Ол 1961 жылы туған әйел адам. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», — делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 35 адам қайтыс болды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 5,
  • Алматы қаласы – 10,
  • Шымкент қаласы – 6,
  • Ақмола облысы – 4,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1,
  • Жамбыл облысы – 1,
  • Қарағанды облысы – 3,
  • Қостанай облысы – 1,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысы – 2,
  • Түркістан облысы – 1.



sputniknews.kz