Алматыда коронавирустан көз жұмған науқас қант диабетімен ауырған — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласында қайтыс болған науқас туралы деректер айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пациент

Бұл туралы Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді. 

Науқас 1964 жылы туған. Әйелдің коронавирусқа шалдыққаны 17 сәуірде анықталыпты.

Қосымша диагноздары: созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония.

22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды желдету тиімсіз болуына байланысты инвазивті ӨЖЖ ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалық гемодиализ сеансын алды..

Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады.

30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады.

Сағат 07:00-де биологиялық өлімді анықталды.

Қорытынды диагноз: расталған COVID-19, ауыр ағым және жоғарыда аталған қосымша аурулар.

stan.kz