Алматыда коронавирустан көз жұмған екі адам туралы тың ақпарат шықты

0

89 жастағы әйел мен 62 жастағы ер адамның коронавирустан бөлек, басқа да аурулары болған, екеуі де кеше қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Індеттен қайтыс болған ер адам мен әйел хәл үстінде жатқан, деп хабарлайды Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Екі науқастың біреуі – 1958 жылы туған ер адам. Оның инфекциядан басқа өткір деструктивті панкреатит, ауыр дәрежедегі анемия, артериалдық гипертония деген сияқты қосымша аурулары болған. Жүрегі тоқтап көз жұмды.

Екіншісі – 1931 жылғы әйел. Жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, дисциркуляторлық энцефалопатия диагноздарымен өте ауыр хәлде жатқан.

Тағы оқыңыз: Тойға барамын деп ауруханаға түсті — коронавирусты жеңген қарияның әңгімесі

Айта кетсек, екі пациент те 19 сәуірде қайтыс болды.

Республикада коронавирустан барлығы 19 адам көз жұмды, соның бесеуі – Алматыда.



sputniknews.kz