Home Жаңалықтар Алматыда коронавирустан ең кішкентай науқас емделіп шықты – Қазақстан жаңалықтары

Алматыда коронавирустан ең кішкентай науқас емделіп шықты – Қазақстан жаңалықтары

0
70

Алматыда COVID-19-дан емделіп жатқан ең кішкентай 4 айлық науқас  емханадан шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап.

Ақтауда балабақшада 1 жасар бала көз жұмды

6-7 мамырда Алматыда коронавирус инфекциясын қалпына келген тағы 72 науқас емханадан шығарылды. Олардың арасында 4 айлық сәби де бар.

«Ол ауруханаға 16 сәуірде анасымен бірге жатқызылған еді, өйткені олар вирус жұқтырғандармен тығыз байланыста болған. Жедел бронхит салдарынан сәбидің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды», – делінген хабарламада.

Бүгін қыз бен оның анасы сауығып, өздерін жақсы сезінгендіктен, олар ауруханадан шығарылды. 7 мамырда Алматыда ауруханадан шығарылған адамдардың жалпы саны – 299-ға жетті.

stan.kz