Алматыда коронавирустан емделгендердің саны 28 болды — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда коронавирустан екі адам жазылып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Олар 1978 жылы туған ер адам мен 23 жастағы қыз бала.
Ер адам 23 наурызда Шарм-эль-Шейх қаласынан ұшып келген, ал қыз 17 наурызда Цюрих- Стамбул-Алматы рейсінің жолаушысы.
Екеуінің де ауру деңгейі жеңіл болды. Қазір олар 14 күндік үй карантинінде.
Мегаполисте 28 адам емделіп жатыр.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 800-ден асып отыр.
stan.kz