Алматыда коронавирусқа шалдыққан 37-ші науқас Ресей азаматы болып шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған 37-ші адам Ресей азаматы екендігі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронвирус

Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

«Алматы қаласында коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам тіркелді. Ол 1979 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Ол Алматы қаласына 15 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген болатын. Қазір ол карантинде стационарда жатыр. Денсаулығы жақсы», — деді министрлік өкілі. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 37-ге артқаны айтылған еді. 

 

stan.kz