Алматыда коронавирусқа байланысты тұрғын үй кешені толықтай карантинге жабылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Карантин 15 күнге жалғасады, қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін. Тұрғын үй кешені тұрғындары үшін бір азық-түлік дүкені жұмыс істейді

АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Алматыда тұрғын үй кешенінің біріне толық карантин енгізілді. Бұл ақпаратты қала әкімдігі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Алматыдағы (коронавирустың- Sputnik) бірінші ошағы «Сұңқар» тұрғын үй кешеніне толық карантин енгізілді. Тұрғын үй кешенінің тұрғындарына ешқайда баруға және қонақ қабылдауға болмайды», — деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бабақұмаров.

Карантин 15 күнге жалғасады, қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін. Тұрғын үй кешені тұрғындары үшін бір азық-түлік дүкені жұмыс істейді. Ол жерде карантин кезінде қажет болатын барлық тауар бар. Сондай-ақ, тұрғындарға жер асты паркингіне түсуге тыйым салынады.

Sputnik / Александр Мироглов

Карантин 15 күнге жалғасады, қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін. Тұрғын үй кешені тұрғындары үшін бір азық-түлік дүкені жұмыс істейді

«Қалада коронавирусты жұқтыру ошақтары бар. Басты міндет – жұқтыру тізбегін бұзу, карантин режимін сақтау, қалада вирустың таралуына жол бермеу және оны басқа өңірлерге шығаруға шектеу қою», – деп атап өтті әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Блок бекеттердің жұмысы

Алматы қаласы бойынша 27 блок бекет қойылды. Бүгін 00.00-ден бастап қалаға кіріп-шығу тоқтатылды.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысы әкімі Амандық Баталовпен бірге Қапшағай, Талғар бағыттарындағы және Құлжа трактіндегі блок бекеттердің дайындығын тексерді. 

«Мұнда полиция мен қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері, тауарлармен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, фито және ветеринариялық бақылау департаментінің мамандары қызмет атқарып жатыр», — деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Алматы қаласы бойынша 27 блок бекет қойылды. Бүгін 00.00-ден бастап қалаға кіріп-шығу тоқтатылды

Блок бекеттерде кезекшілік бірнеше ауысыммен жұмыс істейді. Облыс тұрғындарына қаланың жабылғанын ескерту үшін қосымша блок бекеттер қойылған. 

«Алматы облысындағы әріптестеріміз республикалық маңызы бар барлық тас жол мен елді-мекендерден  шығатын жолдарға қала шекарасынан бес шақырым радиуста қосымша блок-бекеттерқойды», — деп жазды қала әкімі. 

Коронавирус эпидемиясы

Соңғы мәлімет бойынша, елде 37 адам коронавирус жұқтырды. 18 адам – Нұр-Сұлтан қаласында, 19адам – Алматыда. 

Қазақстанда пандемияға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жұмысшылардың көпшілігі қашықтан жұмыс істеу форматына көшті. Сауда, ойын-сауық орталықтары, спорт және басқа да нысандар жабылып, барлық қоғамдық шаралар тоқтатылды.

Президент жанындағы nөтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында 2020 жылдың 19 наурызысағат 00.00-ден бастап карантин енгізілді.



sputniknews.kz