Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелді

0

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 57 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз – Sputnik. Алматыда тағы бір пациентте «коронавирус инфекциясы» диагнозы расталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.

«22 наурыз сағат 13.00-дегі жағдай бойынша Алматыда тағы бір адам тіркелді. Бүгінгі таңда елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 57 адамға жетіп отыр», делінген хабарламада.

Қазір барлығы Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 23, Қарағандыда — 2, Алматы облысында — 1.



sputniknews.kz