Алматыда коронавирус жұқтырған екі науқастың жағдайы өте ауыр — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда коронавирус жұқтырудың 116 оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Ауруға шалдыққандармен байланыста болған тағы алты адамнан вирус анықталған.

Қазіргі кезде қаланың инфекциялық стационарларында COVID-19 диагнозы қойылған 96 пациент жатыр, олардың бірі – Алматы облысының тұрғыны.
79 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ересек екі адамның жағдайы өте ауыр, тағы екеуінің жағдайы ауыр, 13 адам – орташа ауыр халде жатыр.

Бүгін коронавирус дертінен айыққан тағы екі науқас үйлеріне жіберілді. Бұл 1997 және 1998 жылғы екі бойжеткен. Олардың бірі 15 наурызда Ыстанбұл-Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі вирус анықталған адаммен байланыста болған.

Осы уақытқа дейін Алматыда 21 адам ауруханадан шығарылды, соның ішінде екі бала бар. Олардың барлығы 14 күндік үй жағдайындағы карантинде жатыр.

Қазіргі кезде уақытша орталықтарда 521 адам бар, соның ішінде 79-ы – балалар.

Екікүндік карантинде 390 азамат (48 бала), ал үй жағдайындағы карантинде – 4805 адам жатыр.

stan.kz