Алматыда коронавирус жұқтырған екі адамның жағдайы белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда анықталған коронавирустың соңғы екі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Бірінші жағдай — бұл 1998 жылы туған студент қыз. Ол бізге 15 наурызда Стамбул-Алматы рейсімен ұшып келді. Екінші жұқтыру — 1974 жылғы әйел, Мәскеуден Алматыға 10 наурызда ұшып келді. Олар стационарда карантинде. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық», — деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 35 жағдайы тіркелді, олардың ішінде Алматыда — 17 адам, Нұр-Сұлтанда — 18 адам.

Еске сала кетейік, Алматыда коронавирустың тағы екі жаңа оқиғасы анықталғаны хабарланды.

 

stan.kz