Алматыда коронавирус жұқтырған әйел босанды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

15 0 0

Нәрестенің дені сау, әйелдің жағдайы да қалыпты, ол коронавирустан емделуді жалғастыру үшін инфекциялық ауруханаға ауыстырылады

АЛМАТЫ, 17 сәуір –Sputnik. Алматыда коронавирус жұқтырған жүкті әйел дені сау бала дүниеге әкелді. Бұл жайында қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Әйел 13 сәуірде жүктіліктің 39-шы аптасында инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған адам ретінде №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Коронавирусқа жасалған талдау оң нәтиже көрсетеді.

«15 сәуірде дәрігерлер талдау көрсеткіштері бойынша кесарь тілігі операциясын жасап, босандырды. Салмағы 3,5 келіден асатын бала дүниеге келді. Бұл науқастың екінші рет босануы», — деді басқармадағылар.

Жаңа туған нәрестеден бірден талдау алынған, нәтижесі теріс болды. Нәрестенің дені сау және ол қазір балалар бөлімінде жатыр.

Ананың жағдайы қалыпты, жақын арада коронавирустан емделуді жалғастыру үшін инфекциялық ауруханаға ауыстырылады. Науқас Covid-19-дан жазылған соң ұлымен бірге болады.

Қаладағы №1 клиникалық аурухана провизорлық орталық болып саналады, ол жерде коронавирус расталған жүкті әйелдер босана алады.

Оқи отырыңыз: Семейде екіқабат келіншек сұмдық жағдайды бастан кешірді

Соңғы ақпаратқа сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 480-ге  жетті. 285 адам аурудан жазылды, 17 адам қайтыс болды.

Ең көп науқас Алматы қаласында тіркелді – 461 адам.



sputniknews.kz