Алматыда көпбалалы аналарды сан соқтырған алаяқ ұсталды
Қысқа сілтеме алу
Күдікті көпбалалы аналарға жәрдемақы рәсімдеу процедурасын жылдамдатуға уәде берген
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Алматыда көпбалалы аналарды арбауына түсірген 35 жастағы келіншек ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Күдікті жәрдемақы рәсімдеуге көмектесемін деген желеумен Шымкент, Қызылорда, Тараз және Алматының көпбалалы аналарын алдап соққан.
Департаменттің ақпаратынша, әйел шенеуніктерді «пара беріп, сатып алу» үшін көпбалалы аналардан ақша алып, ізін жасырып отырған. Ал шын мәнісінде ешқандай тамыр-танысы жоқ екен. Күдіктінің 100-ге тарта қылмыс жасағаны белгілі болды. Бұған дейін осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған.
Айта кетсек, келіншектің кәмелетке толмаған екі баласы бар, олар ата-әжесімен тұрады.
«Қазір күдікті ұсталды, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — делінген хабарламада.
Әйелдің заңсыз әрекетінен жапа шеккендер болса, мына телефон нөмірлеріне 8-727-298-53-02; 8-707-515-47-35; 8-701-718-70-69 немесе 102 хабарласуға болады.
sputniknews.kz