Алматыда көлікке оқ атып қашқан күдікті ұсталды

0
166

Алматыда көлікке оқ атып, қашып кеткен бұзақы ұсталды.

Алмалы аудандық полиция басқармасының хабарлауынша, бұл қылмыс таңертең Райымбек даңғылы мен Абылай хан көшесінің қиылысында болған.

«26 жастағы азамат М. травматикалық тапаншадан 27 жастағы азамат И.-ны көлікке атып, қылмыс орнынан қашып кетті. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Көлік құралы механикалық зақым алды. Аталған қылмысты ашу мақсатында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, бейнемониторинг жүйесінің деректері зерделенді», — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Оның айтуынша, «күдіктілердің жеке басы дереу анықталды, қысқа мерзімде олардың біреуі ұсталды».

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету