Алматыда көлік ұрыларының 40-қа жуық бандасы ұсталды (фото) – новости Казахстана

0
142

Алматыда полиция көлік ұрлығымен айналысатын 39 топты анықтады. Бұл туралы оңтүстік астананың Полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Фото: Алматы қалалық полиция департаменті

Полицияда жалпы 85 адам ұсталғаны айтылған.

Ал криминалды полиция басқармасының бастығы, подполковник Есен Ысқақовтың айтуынша, көлік ұрыларының басым бөлігі ешқандай қорғаныс заттары жоқ көліктерге ұрлыққа түскен.

Әуезов ауданындағы «Жетісу» ықшам ауданында ұры «Тойота Камри» көлігінің айнасын сындырып, видеотіркегішті ұрлап кеткен. Қылмыс түн ортасында болғанымен, қылмыскер қашып құтыла алмапты.

Тәртіп бұзушыны «Боран-087» экипажы ұстаған. Қазір ұрлық фактісі бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, өткен жылы Алматыда бұзақылық жасаған 49 топ, 124-қарақшы, 27- пәтер ұрлықшылары, 39- көлік ұрыларының тобы ұсталған. Одан бөлек, 55 ұрлықшы адамдарды қоғамдық орында тонаса, 16 адам көлікті айдап әкеткен».

Дереккөз: kaz.nur.kz