Алматыда көлік аялдамаға соғылып, бір адам көз жұмды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Болжам бойынша көлік жүргізушісі оқиға кезінде мас болған

АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Алматыда жол апаты салдарынан бір адам көз жұмып, тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Corolla Тәтібеков көшесінің бойымен келе жатқан. Кенеттен жүргізуші рөлге ие бола алмай, аялдамаға соғылады. Бұл уақытта аялдамада адамдар автобус күтіп тұрған. Салдарынан үш адам жарақат алды.

Жол апаты Тәтібеков көшесінде болды

Белгілі болғандай, зардап шеккендердің бірі ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген, кейін ол көз жұмды.

Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмып, тағы екеуі жарақат алды

Оқиға орнында жол сақшылары, криминалистер мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

Болжам бойынша, Toyota жүргізушісі оқиға кезінде мас болыпты.



sputniknews.kz