Алматыда көкпар ұйымдастырған азамат 7 тәулікке қамалды
Кеше Алматы облысында бір топ көкпаршының тас жолдың бойында жүрген видеосы тараған еді. Жол бойында өткізген көкпар жайлы тәртіп сақшылары әлеуметтік желіден білген.
Жол қозғалысы ережесін бұзған көкпаршылар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.
«Еңбекшіқазақ аудандық соты көкпар ұйымдастырған азаматты 7 тәулікке, төрт көкпаршыны 5 тәулікке қамады.Қалғандарына айыппұл салынды», — деді Полиция департаменті.
Құқық қорғаушылар әлеуметтік желіні әрдайым бақылап отыратынын, бұзушылық болған жағдайда дереу шара қолданылатынын мәлімдейді.