Алматыда кішкентай қызды теуіп жіберген Түркия азаматы ұсталды

Алматыда кішкентай қызды теуіп жіберген 1998 жылғы Түркия азаматы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиға кеше, 23 шілде күні Алматыдағы ойын-сауық орталығында болған.
23 шілдеде Қарасай аудандық ішкі істер бөліміне 27 жастағы әйел белгісіз біреу сауда-ойын-сауық орталығында төрт жасар қызына дене жарақатын салғанын айтып арызданған.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 25 жастағы Түркия елінің азаматы анықталып, полицияға жеткізілді. Жауап алу кезінде күдікті болған жайт туралы айтып, өз кінәсін толық мойындады», — деді Әленов.
ақпарат, фото: Nege.kz