Алматыда кинотеатрлар мен балаларды дамыту орталығы қашан ашылады?

0

Ірі сауда, ойын-сауық орталықтарында бірнеше қызмет көрсету саласы шоғырланғандықтан, олардың жұмысына рұқсат беру түрлі кезеңнен тұрады

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы кинотеатрлардың қай кезеңде ашылатын айтты. Сондай-ақ, ол балаларды дамыту орталығының жұмысына қатысты да пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, ойын-сауық орталықтарында фут-корд жұмысын бастау туралы мәселе карантин режимін жеңілдетудің екінші кезеңінде қарастырылып жатыр.

«Ал кинотеатрлар сауда, ойын-сауық орталықтарында болғанымен, оларды ашу үшінші кезеңде басталады. Яғни кинотеатрлармен қатар, балаларға арналған ойын алаңдарының жұмысы бір-бірімен тікелей байланысты. Сондықтан қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бағамдай отырып, шешім қабылдайтын боламыз», – деп түсіндірді Бекшин.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер балаларды дамыту орталығының жұмысына тоқталды.

«Ол жерге әдетте шамамен 5-6 бала жиналады Ал қазіргі жағдайда ол нашар желдетілетін нысандар болып саналады. Сондықтан оларға жақын байланысқа түспейтіндей жеке сабақтар қажет. Әңгіме балалар жайлы болғандықтан, бұл мәселені де маусым айының басына қалдырдық», – деді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда барлық кинотеатр жабылады

Бекшиннің айтуынша, қоғамдық тамақтану орындары ашылғанымен, ол жерде ірі көлемдегі шаралар өткізуге болмайды.

«Бұл кезеңде мейрамханаларда қоғамдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады», – деді бас санитар дәрігер.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз