Алматыда кинотеатрдағы ер адам кино көруге кедергі болған өзгенің баласын ұрып жіберді — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы тұрғыны кинотеатрды ер адамның бөтен баланы ұрып жібергенін айтты. Айтуынша, сеанс кезінде ер адам шу шығарған.

Алматыда кинотеатрдағы ер адам кино көруге кедергі болған өзгенің баласын ұрып жіберді

Оқиға туралы желі қолданушысы Әсем Кенжебек Facebook желісінде жазды.

«Сауда ортылығының кинотеатрында рта тұста отырған ер адам орнынан тұрып, артында отырған екі балаға айқайлай бастайды. Сосын екі баланың бірін ұрып жібереді. Екіншісіне де айқайлап ұрмақ болады. Екі бала ер адамның кино көруіне кедергі болған. Аяғымен алдыңғы креслоны түртіп отырыпты. Осы кезде қызым мен достары балаларды қорғамақ болып ұмтылады. 15 қыз бала мен 5 ұл бала кино сеансын тамашалаған. Олардың бәрінің жасы 13-15 аралығында. Олар ер адамға өзгенің баласын ұруға құқығы жоқ екенін айтады. Полиция шақырмақ болғанда ер адам олардың өзіне тап беріпті. Балалардың жағасынан алған. Кейін жеке сөйлесу үшін бір баланың телефон нөмірін сұрайды. Осы кезде күзетші келіп, бәрін сыртқа қуады. Ал, ер адам баласымен бірге таксиге отырып кете барды. Ал, жәбірленуші балалар залда жылап қала берді. Біреуінің көзі көгеріпті», — деді Әсем.

Ол уәкілетті органдардан істің мәнін анықтауды сұрайды.

stan.kz