Алматыда кинеотеатрлар қашан ашылады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматының бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин қаладағы кинотеатрлар қашан ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кинотеатр

«Кинотеатрлар ойын-сауық орталықтарында орналасқан. Екінші кезеңде біз фуд-корттардың ашылуын қарастырсақ, үшінші кезеңде кинотеатрлар, балаларға арналған ойын алаңдарының жұмысын қайта іске қоспақшымыз. Біз бұл сұраққа қаладағы эпидемиялогиялық жағдайға байланысты ораламыз», — деді Бекшин.

Бұған қоса қаланың бас санитар дәрігері балаларға арналған дамыту орталықтарының жұмысына тоқталып өтті. 

«Көбіне мұндай орталықтарда бес-алты адамнан жиналады. Айтылған мәселе балалардың денсаулығына қатысты болғандықтан оны маусымның басына шегеріп қойдық», — деді Бекшин. 

Еске салайық, Алматыда 25 мамырдан бастап сауда-ойын орталықтарының жұмысы жанданған болатын. 

stan.kz