Алматыда кинеотеатрлар қашан ашылады — Қазақстан жаңалықтары

Алматының бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин қаладағы кинотеатрлар қашан ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Кинотеатрлар ойын-сауық орталықтарында орналасқан. Екінші кезеңде біз фуд-корттардың ашылуын қарастырсақ, үшінші кезеңде кинотеатрлар, балаларға арналған ойын алаңдарының жұмысын қайта іске қоспақшымыз. Біз бұл сұраққа қаладағы эпидемиялогиялық жағдайға байланысты ораламыз», — деді Бекшин.
Бұған қоса қаланың бас санитар дәрігері балаларға арналған дамыту орталықтарының жұмысына тоқталып өтті.
«Көбіне мұндай орталықтарда бес-алты адамнан жиналады. Айтылған мәселе балалардың денсаулығына қатысты болғандықтан оны маусымның басына шегеріп қойдық», — деді Бекшин.
Еске салайық, Алматыда 25 мамырдан бастап сауда-ойын орталықтарының жұмысы жанданған болатын.
stan.kz